"Таир" сауда үйінде қарағандылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

"Таир" сауда үйінде қарағандылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды Мансап орталығы 26 қаңтарда биылғы бірінші жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді. Шараға жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер шақырылады.

Жәрмеңкеде жаңа жұмыс орындары туралы білуге болады. Сондай-ақ, Мансап орталығының мамандары мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Жәрмеңке "Таир" СҮ-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Ғарышкерлер к-сі, 1, құрылыс. 1/29.

Өткізу уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Байланыс телефондары: (8-7212) 996-397, 996-493, +7-775-644-35-80 (Whatsapp).