Қорытындылар мен жоспарлар: Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Қорытындылар мен жоспарлар: Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Қарағанды облысында 1200 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. 2023 жылы олар 3,5 трлн теңгеге өнім өндірді.

Өткен жылғы жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр есеп берді.

Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу секторының үлесі – 75%. 2023 жылы 2,6 трлн теңгеге өнім өндірілді.

Машина жасау 42,6%-ға өсті. Саран қаласындағы QazТehna зауыты 1700 автобус шығарды.

Жеңіл өнеркәсіпте өсім 24%. Саланы дамыту үшін 18 жобаға қаржылық қолдау көрсетілді.

Құрылыс индустриясында өсім 7,8%-ға өсті. Отқа төзімді материалдар, кірпіш және қож өндірісі ұлғайтылды. Қоршау қадалар, металл плиткалар, сайдинг, профиль парақтары, болат панельді радиаторлар өндірісі кеңейтілді. Бұл салада 72 жоба қаржылай қолдау алды.

Фармацевтика, қара металлургияда да оң динамика байқалды.

Инвестициялар

2023 жылы негізгі капиталға 12,2% өсіммен 854,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың үлесі – шамамен 90%.

138 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Тау-кен өнеркәсібінде, машина жасауда, химияда, құрылыс индустриясында және қағаз өнімдерін шығаруда жаңа өндірістер іске қосылды.

Балқашта тазартылған селен шығарыла бастады және қымбат метталды қож өңдеумен айналысуда. Саран қаласында тұрмыстық техника шығаратын зауыт іске қосылды. Осакаров ауданында әк өндіретін зауыт, Нұра ауданында арнайы кокс шығаратын зауыт іске қосылды. Қарқаралы ауданында мыс концентратын өндіретін зауыт салынды.

2024 жылға арналған жоспарлар

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 3,7 трлн теңге, өсімі 2,1%.

Инвестициялар – 910,4 млрд теңге, өсім 1,5%.

3,5 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, 247 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Облыста жаңа өндірістер ашу жоспарлануда: жел энергетикасы қондырғыларына арналған жабдықтар, жүк автомобильдері, катодты мыс, ферросиликоалюминий, болат тік тігісті құбырлар және т. б.