Қарағандыда мүгедектігі бар адамдар тегін психологиялық көмек ала алады

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдар тегін психологиялық көмек ала алады

Қарағанды қаласындағы Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығында мүгедек адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсетеді. Қызмет тегін көрсетіледі.

Психолог Есенгүл Жайлаубай Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.Ерекше балалары бар білім беру мекемелерінде 11 жылдан астам тәжірибесі бар.

Психолог қорқыныш пен кедергілерді жеңуге көмектеседі, соның ішінде жұмысқа орналасу кезінде. Отбасылық қатынастар мәселесі бойынша көмек көрсетеді және ұсыныстар береді.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі., сәрсенбі, жұма. 10:00-ден 16:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 5 кеңсе.

Байланыс телефоны: +7-777-540-44-94.