
Осакаров ауданының ҰОС ардагері Анна Котова 21 қаңтарда 100 жасқа толды. Мемлекеттік органдардың, күш құрылымдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен "Жас Сарбаз" сыныптарының тәрбиеленушілері ұзақ ғұмыр кешкен кейуананы құттықтады.

Арнайы концерттік бағдарламамен ҚР Ұлттық ұланының ерлер хоры келді.

– Сіз соғыстан кейін қүлдыраған елімізді көтеріп, әскери күйзелістің барлық ауыртпалықтарын бастан өткерген жеңімпаздар, нағыз батырлар буынына жатасыз. Сіз ержүрек адамсыз және Біз сізбен бір уақытта өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз, – деді облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов.

Анна Котова Воронеж облысының тумасы. Майданға аттану үшін 18 жасар қыз әскери комиссариатқа үш рет өтініш жазған. 1943 жылы соғыстың нағыз қызған шағында ол 2-ші Украина майданының 65-ші эвакуациялық ауруханасына медбике ретінде жіберілген. Соғыстың соңына дейін әскери қимылдарға қатысқан. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Германияны жеңгені үшін", "Украинаны фашистік басқыншылардан азат еткеніне 60 жыл", "Санитарлық қызметтің үздігі" медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін Анна Котова 1977 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Осакаровка Денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеген.
