Ақтоғай ауданында алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды

Ақтоғай ауданында алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды

Ақтоғай ауданында алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды. Сөрелерде төмендетілген бағамен 17 өнім ұсынылған.

Аудан орталығында дүкенді кәсіпкер Рүстем Алышкенов ашты. Ол "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 0,01 пайызбен қарыз алып, азық-түлік өнімдерін дүкенге төмендетілген бағамен жеткізуге міндеттенеді.

– Жақын арада мен Ақтоғай ауданында үш дүкен ашамын: біреуі Шашубай және Сарышаған кенттерінде, екіншісі Ақтоғайдың өзінде. Бұл аудан Қарағандыдан қашық орналасуына байланысты таңдалды. Тиісінше, азық-түлік бағасы жоғары. Ал біздің дүкендер тұрғындарға оларды төмендетілген бөлшек бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, – деді Рүстем Алышкенов.

Әлеуметтік дүкендегі бағалар орташа нарықтық бағадан төмен. Мысалы, тұрғындарға картоп 95 теңгеден, пияз – 60 теңгеден, сәбіз – 100 теңгеден сатылады. Бір килограмм жоғары сұрыпты ұнның құны – 185 теңге.

Бірінші кезеңде кәсіпкер дүкенде төрт адамды жұмысқа орналастырды. Жақын арада басқа үш дүкенге де қызметкерлер қатарын толықтырмақ.