Қарағанды облысында Бизнес-мектепте онлайн-оқуға тіркелу басталды

Қарағанды облысында Бизнес-мектепте онлайн-оқуға тіркелу басталды

Қарағанды облысында бизнесін енді бастаған және әрекеттегі бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-мектеп» құралы бойынша онлайн-оқуға тіркеу басталды. Мектепте кәсіпкерлік негіздерін үйретеді.

«Атамекен» АКП хабарлағандай, жыл басынан бері 2 507 тыңдаушы күндізгі оқудан өткен. 1 маусымнан бастап оқу тек онлайн жүргізіледі. Келесі сілтеме бойынша өтіп, тіркелуге болады: https://atameken.co/ru/course-business-advisor.

Тіркелген соң қатысушылар 10 сабақ алады, сондай-ақ бизнес-жоспарлардың мысалдарын, маркетингтік зерттеулерді, қаржыландыру беру құжаттарының үлгілерін және шағын бизнесті құру үшін идеялар анықтамалықтарын қамтитын оқу материалдарын алады.

Курсты аяқтаған тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтеді, оның нәтижесі бойынша (жинаған шекті баллдары - 70%-дан кем емес болған жағдайда) «Бизнес-мектепте» оқудан өткені туралы сертификат беріледі.

Сондай-ақ, тіркеу үшін Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына келіп (Ермеков көшесі, 29, 1-ші қабат), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге өтініш беруге болады; сондай-ақ өтініш берушінің санатын растайтын құжат қажет (кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде іске қосылмаған жұмыспен қамтылған тұлға / ісін жаңа бастаған кәсіпкер / жұмыс істеп тұрған кәсіпкер).

Барлық сұрақтар бойынша 1432 нөміріне хабарласуға болады.

Өткен жылы «Бизнес-мектепте» 26 411 адам оқудан өтті, оның 2 204-і өз жобаларын жүзеге асырды.

 

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша оқыту не береді?

Курс аяқталғаннан кейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруды ұсыну конкурсына қатысуға және жеңілдікпен қаржыландыруға үміткер бола алады. Ал орта жылдық айналымы 5 мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес бағдарлама бойынша экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде шетелде тақырыптық бизнес - тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатыса алады.