Қарағанды облысында COVID-19-дан бесінші науқас көз жұмды

Қарағанды облысында COVID-19-дан бесінші науқас көз жұмды

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 48 оқиғасы және КВИ-дан бір өлім-жітім тіркелді.

48 адамда ПТР-зерттеу COVID-19 барын растады. Ол бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға скрининг жасау барысында анықталды.

Оның ішінде 33 қарағандылық, бес теміртаулық, төрт Саран тұрғыны,

Бұқар Жырау ауданынан екі адам және Абай ауданынан төрт адам.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

 Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

КВИ дертінен қайтыс болған науқас - 1958 жылы туған Қарағанды тұрғыны. Провизорлық госпитальға ол 38,7-ге дейін ыстығы көтеріліп, ентігу, жөтел, әлсіздік, тәбеттің, дәмнің, иістің төмендеуіне шағымданғандықтан жатқызылған. Ауыр дәрежедегі COVID-19 диагностикаланғаннан кейін және екі жақты пневмония анықталған соң жұқпалы ауруханаға ауыстырылды. Коронавирус науқаста ауыр асқынулар, оның ішінде тыныс алу және полиорган жетіспеушілігін тудырды. Сондай-ақ, ер адамда қосалқы аурулары болды, олардың ішінде ауыр дәрежедегі ІІ типті қант диабеті, артериялық гипертензия және т.б. Дәрігерлердің қолданған емдеу әрекеттеріне қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады.

4 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 1072 жұқтыру жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 өліммен аяқталған және 379 адам сауығып кеткен.