"Медицинаға қадам" жобасы Шахтинск оқушыларына мамандық таңдауға көмектесуде

"Медицинаға қадам" жобасы Шахтинск оқушыларына мамандық таңдауға көмектесуде

Шахтинск қаласында "Медицинаға қадам" облыстық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл оған үш мектеп пен оқушылар сарайы қосылды.

Өткен жылы Шахтинск қаласында Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей базасында алғашқы медициналық сынып ашылды. Жыл бойы лицейдің 40-қа жуық оқушысы жергілікті ауруханаға барып, медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты, дәрігердің қиын кәсібі туралы терең білім алды. Жүргізілген практикалық кәсіптік бағдар беру жұмыстарының арқасында олардың 11-і медициналық жоғары оқу орындарына гранттарға түсті.

– Биыл Шахтинск білім бөлімі мен қалалық аурухана өзара ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында үш мектепте – № 2 және 7, сондай-ақ Е.Бөкетов атындағы мектепте медициналық сыныптар ашылды. Оқушылар сарайында "Медициналық білім негіздері" үйірмесі жұмыс істейді. Биылғы жылға бірлескен жұмыс жоспары жасалды, – дейді Шахтинск білім бөлімінің әдіскері Сайра Сағадиева. – Биылғы жылы "Медицинаға қадам" жобасына 200-ге жуық жасөспірім қатысады.

Медициналық сынып оқушылары үшін денсаулық сақтау ұйымдары бойынша экскурсиялар өткізіледі, олар медициналық кабинеттерге кіре алады, жоғары технологиялық жабдықтармен танысады.

Сондай-ақ, оқушылардың дефицит мамандықтағы дәрігерлермен кездесулері, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздеріне оқыту, диагностикалық, травматологиялық, паллиативтік бөлімшелерде практикалық сабақтардан өту қарастырылған.  

Жобаның негізгі мақсаты – оқушыларды медициналық оқу орындарына түсуге ынталандыру.