
Қарағанды облысында 2023 жылы жылумен жабдықтауды жаңғырту бойынша 16 жоба іске асырылды. Бұл жұмыс жалғасады. 2024 жылға жоспарланған 14 жоба бар.

Үйлер жылырақ болуы үшін
Үйлерді жылыту үшін жылумен жабдықтауды жақсарту – басты міндеттердің бірі. Облыста ескі жылу желілері күрделі жөнделіп, жаңалары салынуда.
2023 жылы осындай 16 жоба іске асырылды: Қарағанды – 5, Теміртау – 6, Балқаш – 3, Саран – 2. Барлығы 21,5 км жылу желілері қайта жаңартылып, салынды.
2024 жылға Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Саран қалаларында 14 жобаға қаражат бөлінді. 20,2 км жылу желілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Әр үйге су
2023 жылдың қорытындысына сай облыс бойынша ауыл тұрғындары үшін сапалы сумен жабдықтаудың қолжетімділігі 93,6%-ға жетті. Бүгінде орталық сумен 228 ауыл қамтамасыз етілген.
Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Нұра аудандарының 13 ауылында су құбыры желілері салынуда. Тағы 8 ауыл үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.
2024 жылы ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау бойынша 29 жобаны іске асыру жалғасады. Жұмыс алты ауданда жүргізіледі: Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет. Барлығы 55 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарланған.
Облыс бойынша 200-ден аз адам тұратын 93 ауыл бар. Олар сапалы сусыз қалмайды. Шағын ауылдар үшін модульдік қондырғылар қарастырылған. 2023 жылы Нұра ауданының екі ауылынан басталды: Нығман және Айтүбек. 2024 жылы 36 КБМ орнату жоспарлануда.
Қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік жоғары – 98,8%. 2024 жылы бұрын басталған бірқатар жобалар жалғасады. Желілерді қайта құру Балқаш, Саран, Шахтинск және Қарқаралы қалаларында аяқталуы тиіс.

Газдандыру қалай жүріп жатыр
Бүгінгі таңда көгілдір отынға Қарағанды мен Теміртаудың 3000-ға жуық үйі қосылған. Ал газ тарату желілері жүргізілгендер 8000-нан асады.
Қарағанды мен Теміртау тұрғындарына газға бөліп-бөліп төлеу арқылы қосылуға көмектесті. ТКШ жаңғырту орталығы арқылы 5 жылға 300 пайызсыз несие берілді.
2024 жылы газ тарату желілері Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы 2000-нан астам үйге жеткізіледі.
Шет және Бұқар жырау аудандарын газдандыру бойынша сараптаманың оң қорытындысы күтілуде.

Лифттерді қалпына келтіру, шатырлар мен қасбеттерді жөндеу
Өңірде көпқабатты үйлердегі лифтілер жаңартылуда. Бағдарлама пәтер иелеріне жеңілдікті несие беретін ТКШ жаңғырту орталығының қатысуымен жүзеге асырылады.
2023 жылы Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Балқаш қалаларында 42 лифт қалпына келтірілді. 2024 жылға арналған жоспарда – 50.
2023 жылы Балқаш, Қарағанды, Абай және Сарандағы 35 көпқабатты үйдің шатыры мен қасбеттері жөнделді. 2024 жылға Балқаш, Приозерск және Абай ауданындағы 57 үй жөнделеді деп жоспарланған.