
Тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себебі әлі де өртті абайсыз пайдалану болып қалып отыр. Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- тұтанған темекі мен сіріңкенің өшірілмеген күйде қалдырмаңыздар;
- электр құралдары мен желілерінің жарамдылығын бақылау;
- бір желіге бірнеше электр құралдарын қоспау;
- тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдалану;
- мұржаларды кем дегенде үш айда бір күлден тазарту;
- пешті шамадан тыс қыздырмаңыздар және қабарғалардағы жарықтарды уақтылы бітеңіздер;
- пеште және оған жақын жерде отын, үй заттарын кептірмеңіздер, оған жақын жиһаз орнатпаңыздар;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер, балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіздер және сенбеңіздер;
- қарт адамдарға, мүгедектерге, психикалық дерттерден, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аудару керек.
"Тек бірлескен күш-жігермен ғана Төтенше жағдайлар қаупін және олардың салдарын азайтуға болады", – делінген ТЖД хабарламасында.
Ықтимал өрттердің алғышарттары туралы ТЖД кезекші қызметіне 112, 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарлауға болады.