Қарағандыда Мемлекеттік рәміздер күні қалай атап өтіледі

Қарағандыда Мемлекеттік рәміздер күні қалай атап өтіледі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні - бұл әр азамат үшін қасиетті күн. Ту, Әнұран және Елтаңба халықтың тәуелсіздігі мен еркіндігін білдіреді. Биылғы жылы ауқымды акциялар карантинге байланысты өткізілмейді. Мереке форматы өзгерді, бірақ ол мәнін жоғалтпайды.

Қарағандылық супермаркеттерде ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар өтті. Волонтерлер жалаулар мен күнтізбелер таратты. Динамиктерден ұлттық музыка шырқалды. Мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы дауыс зорайтқыш арқылы айтылды.

Волонтерлер бетперде және қолғап киіп, баспалдақпен сапқа тұрып, мемлекеттік әнұранды орындады. Супермаркеттің келушілері бұл шараға құрметпен қарады. Саудаларын кейінге қалдыра отырып, адамдар бір сәт кідіріп, еліміздің басты әнін табжылмай тұрып тыңдады. Кейбіреулер тіпті қосылып шырқады.

- Бүгін мемлекеттік рәміздерге 28 жыл толды. Әрине, карантин жағдайында бұл мерекені әдеттегідей ауқымды атап өтіп отырған жоқпыз. Шектеулерді ескеру керек. Бірақ бұл әрбір азамат үшін маңызды мереке. Біз мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетеміз. Осы күрделі уақытта рухымызды жоғалтып, еңсемізді түсіруге болмайды. Керісінше, бір-бірімізге көмектесу керек. Біз бірге коронавирус пандемиясын жеңеміз, - деп атап өтті Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Әлішер Самарбаев.

Ерікті Аида Қайырбекова үшін бұл күн қос мепеке болды. Мемлекеттік рәміздер күнімен бірге ол туған күнін атап өтуде.

- Осындай айтулы күні туылғанымды мақтан тұтамын. Өз елімді мақтан тұтамын. Бізге, жастарға, мемлекетіміз үлкен мүмкіндіктер берді. Мен Қарму. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінде магистратурада оқимын. Екінші жыл волонтёрлікпен айналысамын. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтар туралы өзім біліп, айта білуім керек, - дейді патриоттық акцияға қатысушы. - Мемлекеттік рәміздердің қалай жасалғанын зерттедім. Барлығы ойластырылған және әрбір бөлшектің мәні бар. Мысалы, көк түс таза аспанды, бейбітшілік пен берекені, ал бірыңғай фон - біздің еліміздің бірлігін бейнелейді. Бүркіт жас мемлекеттің шыңдарға ұмтылысын, рухтың жоғарылауын білдіреді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 4 маусымда бір уақытта Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Акцияны мыңдаған ұйым қолдады. 10 мыңнан астам адам қатысты.

Мереке күні патриоттар мемлекеттік туды өз пәтерлерінің балкондарына ілді.

Облыс орталығында автоәуесқойлар қоғамы Мемлекеттік рәміздер күніне орай автожарыс ұйымдастырды. Көк байрақ алған көліктер кортежі қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Автожарысқа қатысушылар 91 метр биіктікте желбіреген Мемлекеттік Туы бар флагштоттың жанында шерулерін аяқтайды.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу әлеуметтік желілерде де қарқынды өтуде. Қарағандылықтар өз парақшаларында тиісті хештегі бар фото және бейне орналастырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Оларға Елтаңба, Ту және Әнұран жатады. Елтаңбаның авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Тудың авторы - дизайнер және суретші Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Гимн музыкасының авторы - композитор Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның мәтінін Жұмекен Нәжімеденов пен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған.