
Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа жануарлар – Камерун ешкілері мен альпака ламалары қоныстанды.

– Камерун ешкілері Қытайдан, альпака ламалары Чехиядан келді. Бұл жас жануарлар – бір жылдан бір жыл үш айға дейін. Біз алты альпака сатып алдық – төрт ұрғашы мен екі еркек. Әзірге оның үшеуі бар, тағы үшеуі жақын арада келуі керек, – дейді Қарағанды хайуанаттар бағының директоры Гүлнәр Адамбекова. – Альпака біздің климатқа бейімделген. Қазір біз оларға қоректерін таңдап жатырмыз. Жаңа тұрғындарға шикі сәбіз бен қызылша қатты ұнады, кебек пен аралас жем де ұнады. Бұл өте таза жануарлар. Біздің қонақтарымыз оларды жақсы көріп кетеді деп ойлаймын. Олар адамдардан қорықпайды және қолдан тамақ жейді. Біздің коллекциямызда тек гуанако ламалары болды. Бірақ олар қазірдің өзінде егде жаста.

Бізде Камерун ешкілері де болған жоқ, олар арнайы тағам жейді.

Бұл ешкілердің ерекшелігі – олардың кішкентай және ауа райы жағдайларына жоғары бейімделуі: олар ыстық пен суыққа оңай шыдайды.

Гүлнар Адамбекова хайуанаттар бағын жаңа жануарлармен толықтыру жоспарлары туралы да айтты:
– Біз жануарларды сатып алу үшін хайуанаттар бақтарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізге тәж киген тырналар, қызыл тоты құс, сондай-ақ бізде жоқ қара барыстар, маймылдар керек. Көп ұзамай қара аққулар айырбас арқылы бізге келуі керек. Оларды біз бұғылар жұбына айырбастадық. Түйені беларусь бизонына айырбастағымыз келеді. Ол көктемде мүмкін болады. Және де тиін алуды да жоспарлап отырмыз.