
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова облыс әкіміне 2023 жылғы жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.

Қорытынды
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту
2023 жылы аймақтық жұмыспен қамту картасы бойынша 54 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіш жоспардың 103% құрайды. 21 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 24 011 адам бос жұмыс орындарына жіберілді. Жеке бастамалар аясында 17 600 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 6470 адам қамтылды. Ұлттық жобалар аясында 4 647 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері» Ұлттық жобасы бойынша өңіраралық еңбек ұтқырлығы шеңберінде 33 адам қоныс аударды.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2023 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 1 млрд 620 млн теңге сомасына жылдық 2,5%-бен 365 несие берілді.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 263,58 млн теңге сомасына 212 грант берілді.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау
Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бөлінетін қаржыландыру ұлғайтылды.
Қазіргі уақытта облыста 55 мың мүгедек адам тұрады.
– Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады. 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Мүгедектігі бар адамдар 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» ААЖ арқылы оңалтудың техникалық құралдарына тапсырыс береді және алады. Бүгінгі таңда 32 мыңнан астам тапсырыс жүзеге асырылды.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 245 нысаны бейімделді.
«Инватакси» қызметі облыстың 11 өңірінде тегін көлік қызметтерін көрсетеді.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін өткен жылы кәсіпорындарда жалақысын субсидиялай отырып, 12 арнайы жұмыс орны құрылды. Жұмыс берушілер физиологиялық шектеулердің орнын толтыратын арнайы жабдықтар сатып алды.
Ардагерлерді қолдау
Бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 12 ардагері, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген 2100 адам, 3 625 тыл еңбеккері тұрады.
2023 жылы облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде біржолғы материалдық төлем көрсетілді, оның ішінде ҰОС қатысушыларына – 1,5 млн. теңге, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңге, жалдамалы құрамдағы адамдарға – 100 мың теңге, Ленинградта блокада кезінде жұмыс істеген азаматтарға – 60 мың теңге, ҰОС жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдеріне – 30 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.
2023 жылдан бастап облыстық мәслихаттың бастамасы бойынша басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек мөлшерін 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе шешілді.
Сондай-ақ, 2023 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 21 қатысушысына 400 мың теңге мөлшерінде біржолғы көмек төленді.
Түркістан облысының «Ақсу демі» шипажайында 186 ауған ардагері мен басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысушылар шипажай-курорттық ем алды.
2024 жылға жоспарлар
Жұмыспен қамту
Әсем Жүніспекованың айтуынша, 2024 жылы жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жалғасады. 48 мыңға жуық адамды, оның ішінде бос орындарға 22 мың адамды, жеке бастамалар шеңберінде – 16 мың адамды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту шараларымен – 5,6 мың адамды, Ұлттық жобалар бойынша – 3 мың адамды қамту жоспарлануда.
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 339 несие және 183 грант беру жоспарлануда.
Осы жылдан бастап кәсіптік біліктілікті тану үшін тегін негізде тіркелген жұмыссыздар үшін жалпы сомасы 3,893 млн теңгеге 72 бір реттік ваучер беру көзделген. Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарымен және жұмыссыздармен өзара іс-қимыл мансаптық орталықтар арқылы жүзеге асырылады.

Аз қамтылған отбасыларды қолдау
Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесінде де үлкен жұмыс атқарылуда.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысының 2088 аз қамтылған отбасы немесе 9640 адам атаулы әлеуметтік көмек алды.
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау
Есту және көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін биыл облыс кәсіпорындарында 26 арнайы жұмыс орны құрылады.
Осы жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мүгедек адамдарды және мүгедек адамдарды күтуді жүзеге асыратын адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру» жаңа жобасы енгізілетін болады. Оның мақсаты – кәсіби дағдылар мен әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыру арқылы мақсатты аудиторияны жұмыспен қамту үшін жағдай жасау.
– Жобаның басты міндеттері – кәсіби дағдыларды қалыптастыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлік және цифрлық сауаттылықты арттыру, жайлы экожүйе құру, – дейді Әсем Жүніспекова.

ҰОС қатысушыларына материалдық көмек
2024 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы атап өтіледі. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 2 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болады. Бұл санаттарға теңестірілген адамдар да мемлекет назарынан тыс қалмайды.