Қарағанды облысында өткен тәулікте құтқарушылар 56 адамды жабық жолдардан эвакуациялады

Қарағанды облысында өткен тәулікте құтқарушылар 56 адамды жабық жолдардан эвакуациялады

Кеше, 14 қаңтарда ауа-райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелері жабылды. Құтқарушылар трассадан 56 адамды эвакуациялады.

Осакаров ауданында, Осакаровка – Молодежный автожолының 49-шы шақырымында ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған үш көліктен 8 адамды құтқарып, Молодежный кентіне жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Теміртауда, блокбекет ауданында құтқарушылар жол бойындағы кемпингке 16 адам жеткізілді.

Шет ауданында, Ақой – Сейфуллин – Ақсу – Аюлы – Ақтоғай – Балқаш автожолының 133 шақырымында, Нұра ауылының ауданында ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен техникалық ақауы бар Setra автобусынан 32 адам, оның ішінде бес бала Ақтоғай ауылына көшірілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек болмады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық.

Құтқарушылар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

- автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалау;

- ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге бармаңыздар;

- автожолдардың жабылған учаскелерінде көлік кептелісін қалыптастырмау.

Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде қолжетімді.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі