
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы "Алпамыс батыр" эпопеясы негізінде 14–15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қазақ тілінде қалалық конкурс өткізеді. Ол екі кезеңнен тұрады.
Біріншісі – тестілеу. Ол 26 наурызда кітапханада өтеді және эпос бойынша 30 сұрақтан тұрады.
Екіншісі – мәнерлеп оқу. Тест тапсырған қатысушылар 27 наурызда қазылар алқасының алдында кітапханада өнерлерін көрсетеді.
"Байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында кітап оқуды және қазақ эпостарын дәріптеу. Қатысушылар эпоспен толығымен танысуы керек. Екінші турға өткендер эпостан өздері таңдаған 200 жол үзіндіні жатқа оқиды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, қатысушыларға сертификат беріледі", – деді кітапханада.
Өтініштер 18 наурызға дейін кітапханада Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша немесе электрондық пошта арқылы қабылданады obd_abai@mail.ru ("байқау-батырлар жыры" белгісімен).
Анықтама телефоны: (8-7212) 41-23-25, 41-23-26.