Қарағанды балалар кітапханасы "Тоқыма қуыршақ" тегін шеберлік сабағын өткізеді

Қарағанды балалар кітапханасы "Тоқыма қуыршақ" тегін шеберлік сабағын өткізеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 16 қаңтарда Free Style арт-студиясы аясында "Тоқыма қуыршақ" тегін шеберлік сабағы өтеді. Балаларға магнитик-қуыршақты қалай тігу керектігін Ақтас шебері Екатерина Филатова үйретеді.

Шеберлік сабағы 10–12 жастағы балаларға қызықты болады. Қуыршақ ас үйде керемет декор болуы мүмкін.

– Ол капроннан және синтепоннан тігіледі. Сонымен қатар, қуыршақты "тірі" және қызықты етіп көрсету үшін безендіруге арналған қосымша материалдар. Бұл көздер, шаштар, түрлі бантиктер, – дейді Екатерина Филатова. – Қуыршақты қолында ине мен жіп ұстай алатын, мысалы, түймені бір рет тігіп көрген бала тіге алады. Процесс өте тартымды және нәтиже қолөнершілерді шабыттандырады. Шеберлік сабағына біз қыздар мен ұлдарды шақырамыз.

Материалдарды әкелудің қажеті жоқ. Шеберлік сабағына жазылу қажет емес.

Басталуы 14:00.