Қарағанды облысындағы КВИ жаңа жағдайлары туралы

Қарағанды облысындағы КВИ жаңа жағдайлары туралы

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 68 жағдайы және КВИ-дан бір өлім-жітім тіркелді.

ПТР-диагностика 68 адамда COVID-19 барын растады. КВИ бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Оның ішінде 39 қарағандылық, Теміртау қаласының 18 тұрғыны және қалғандары Абай, Бұқар Жырау, Шет және Ұлытау аудандарының тұрғындары.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

 Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

КВИ-дан қайтыс болған 1964 жылы туған ер адам 17 мамырда вирустық инфекцияның клиникалық белгілермен провизорлық стационарға жатқызылды. ПТР-тест онда COVID-19 барын растады. Оны "COVID 19 коронавирустық инфекциясы, ауыр дәрежелі ауыртпалық, төменгі тыныс жолдарының зақымдануы, екі жақты полисегментарлы интерстициальді пневмония, ауыр ағымды" диагнозымен жұқпалы ауруханаға ауыстырды. Медиктердің барлық әрекеттеріне қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады.

3 маусымда Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 024 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4 науқас көз жұмды және 314 адам сауығып кеткен.