
Қарағанды облысында дауылды ескерту әлі де сақталуда. Ауа райының жақсаруына байланысты қозғалыс 13 автожол учаскесінде ашылды – жеті республикалық маңызы бар және алты облыстық. Автожолдардың тоғыз учаскесі жабық күйінде қалып отыр: төрт республикалық маңызы бар және бес облыстық.

Автожолдардың жабық учаскелерінде 142 адам және 66 техника жұмылдырылды.

Өткен тәулікте 76 адам құтқарылды, 237 адам эвакуацияланды, қар үйінділерінен 15 автомобиль шығарылды, сондай-ақ 10 авариялық-құтқару және 4 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Алты жылыту пунктіне 191 адам орналастырылды, оның ішінде 14 бала.


Қозғалысы жабық Республикалық маңызы бар автожолдағы учаскелер:
1. Екатеринбург – Алматы (1473–1505 км, Солтүстік-Шығыс айналма жолы).
2. Екатеринбург – Алматы (1353–1446 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы).
3. Екатеринбург – Алматы (1505–1854 км, Новостройка кенті – Балқаш қаласы).
4. Қызылорда – Павлодар (970–1135 км, Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы).
Облыстық маңызы бар а /ж:
1. Нұра – Осакаровка (0–83 км).
2. Осакаровка – Молодежное (0–81 км).
3. Осакаровка – Есіл –Тельман – Молодежное (0-72 км).
4. Теміртау – Чапаево – Садовое – Осакаровка (0-67 км).
5. Ақой – Сейфуллин – Ақсу-Аюлы – Ақтоғай – Балқаш ауылы (103–429 км).

Облыс тұрғындарын қырағы болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, елді мекендерден тыс жерлерге көлікпен және жаяу сапарларға шықпауға шақырады. Ауа-райы туралы ақпаратты бақылау қажет.

Барлық оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарлауға болады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша