
8 қаңтардан бастап Қарағандыда Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжаттар қабылдануда. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады.
Құжаттарды тапсырған үміткерлер 28 және 29 наурызда кешенді тестілеуден өте алады. Ең жоғары балл жинаған оқушылар NIS 7-сыныптарында оқуға ел Президентінің "Өркен" білім беру гранттарына үміткер болады.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.
"Кешенді тестілеуге келесі пәндер кіреді: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер – "Математика", "Сандық сипаттамалар", "Жаратылыстану" пәндерін оқу қабілетін бағалау бойынша тест, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тілдік тесттер. Тестілеуге 120 минут беріледі", — деп хабарлады Қарағанды NIS қабылдау комиссиясы.
Құжаттарды қабылдау, конкурстық іріктеу шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан, "Түсу" бөлімінде — "Конкурс туралы хабарландыру", не Кеншілер даңғылы 62 мекенжайында орналасқан Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінде немесе (8-7212) 50-78-55 телефоны бойынша хабарласып, білуге болады.