
Өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері шақырулар бойынша 12 рет жолға шықты. 7 адам, оның ішінде екі бала құтқарылып, 43 адам эвакуацияланды.

Мәселен, Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде тұрғын үйге бекітілген қазандықтың ағаш конструкциялары өртеніп кетті. Өрттің ауданы - 20 ш.м. құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Қарағанды мен Балқашта құтқарушылар бұғатталып қалған есіктерді ашуға көмектесті. 1947 және 1948 жылы туған әйелдер құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Қарағандыда, Н. Әбдіров даңғылында ТЖД қызметкерлері лифт есігін ашты. 5 адам құтқарылды, оның ішінде екі бала. Медициналық көмек қажет болмады.

Абай қаласының құтқарушылары арқанның көмегімен жылқыны құдықтан шығуға көмектесті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі