
Қарағанды зоологиялық бағында тірі шыршаларды жинау бойынша дәстүрлі акция басталды. Қылқан жапырақты ағаштармен қоршауларды безендіреді және жануарларға жаңа ойыншық немесе пайдалы тағам болады.
Негізгі шарт – шыршалар тірі, сау, әшекейлерсіз және қаңылтырсыз болуы керек.
"Бұғылар, маралдар, альпакалар және басқалар шырша бұтақтарын жейді. Олар үшін шыршалар тіршілік ету ортасын азық-түлікпен байытатын қорек", –делінген хайуанаттар бағының Instagram-дағы ресми парақшасында.
Сондай-ақ, тікенді бұтақтар үлкен мысықтарға – Амур жолбарыстарына, арыстандарға, сілеусіндерге және т. б. ойыншық және тырнақтарын қашайтын зат ретінде пайдаланылады.
Хайуанаттар бағының мекен-жайы: Ермеков көшесі, 111.