
Бұқар Жырау ауданының жиырма екі жасар қобызшысы Шахназе Ілиясова Golden Time Talent халықаралық онлайн-байқауында бірінші орынды иеленді және Қазақстаның намысын Ұлыбританиядағы аттас фестивальде қорғайтын болады.

Шахназе Ілиясова – Ботақара кентінің тумасы. Музыкамен бала кезінен айналысады. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде оны анасы жергілікті өнер мектебіне қобыз сыныбына берген. Содан бері Шахназе өзінің сүйікті аспабымен әрдайым бірге және әртүрлі республикалық және халықаралық конкурстарға, қайырымдылық концерттеріне қатысады. Ол Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің түлегі.
– Үшінші сыныптан бастап музыкамен айналысамын. Прима-қобызда кәсіби ойнаймын, бұл оркестрдегі ең басты аспаптардың бірі. Скрипкаға немесе гитараға қарағанда қобызда ойнау қиынырақ, өйткені аспапта ноталар бойынша арнайы бөлімдер жоқ. Оны сезінуіңіз керек, – дейді Шахназе. – Фортепиано мен саксафонда да ойнаймын. Мен өлең, музыка жазамын. Бірақ бұл да жай ғана хобби.
Golden Тime Тalent байқауына бойжеткен қашықтан қатысты. Ол үш түрлі шығарманы – Арман Жайымның "Прима қобызға арналған оркестрмен концерт", Сергей Прокофьевтің "Монтекки және Капулетти" және Джой Хисаишидің One Summer's Day әуенін орындаған бейнежазбаларды жіберді.

– Бірінші шығарманы орындау кезінде маған оркестрдің орнына фортепианода сүйемелдеді, соңғысын таныстыру кезінде Канада оркестрінің музыканттары көмектесті. Мен байқауға видео түсіру үшін олар менімен ойнауға келісті, – дейді Шахназе. – Менің барлық үш бейнеролигім қаралым бойынша жоғарғы қатарда болды, Гран-приге бір жарым балл ғана жетпеді. Соған қарамастан, мені осы жылы Лондонда өтетін фестивальге шақырды. Мен оған барғым келеді. Бірақ қаржылық қолдау қажет, өйткені ұшу үшін ақы төлеу керек, сахналық бейнені ойластыру керек.

Қазір Шахназе Ботақардағы "Руханият" қосымша білім беру орталығында қобызда ойнауды үйретеді. Оның 10-нан астам тәрбиеленушісі бар.

Шахназе шығармашылық және музыкалық байқауларда көптеген жеңістерге жеткен.

Ол республикалық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ "Сибирь зажигает звёзды" жобасы шеңберінде халықаралық конкурс-фестивальдің I дәрежелі лауреаты (Ресей, 2017 жыл).
Сондай-ақ, бойжеткен еріктілермен бірге жұмыс істейді және ЮНЕСКО клубында тіркелген.