Қарағанды облыстық экономикалық сотында медиация кабинеті ашылды

Қарағанды облыстық экономикалық сотында медиация кабинеті ашылды

Қарағандыда экономикалық дауларды медиация арқылы шешу мүмкіндігі пайда болды. Оның арқасында адамдар сотқа бару қажеттілігінен арылып, уақыт пен ақшасын үнемдейді. Қарағанды облысының экономикалық сотында «Атамекен қабылдауы» арнайы кабинеті ашылды. Бұл судьялар корпусы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен бастамасы.

Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлер арасында туындаған дауларды бейбіт жолмен медиация арқылы шешу болып табылады. Кабинетте кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-омбудсмен офисі өңірлік секторының мамандары қабылдау жүргізеді. Оларға талап арыздарға қолжетімділік беріледі және тараптардың татуласу мүмкіндігі барын көрсе, сол істерді іріктеп алады.

Медиация кабинетінің ашылуына Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Шахатбек Әбдіров, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Талғат Тоқболатов, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Әлхайдар Асқаров қатысты.

Экономикалық даулары бар бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасына (8-7212) 50-40-55 телефоны бойынша хабарласа алады.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша