Қарағанды облысының тұрғыны коронавирустан емделді

Қарағанды облысының тұрғыны коронавирустан емделді

Қарағанды облысында 2 маусымда инфекциялық стационардан КВИ-дан емдеген бір науқас шығарылды.

Жезқазған қаласының 1995 ж. т. тұрғынына дәрігерлер осыған дейін орташа ауырлықтағы COVID-19 диагнозын қойған болатын.

Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін науқас үй карантинін сақтау шартымен ауруханадан шығарылды.

Қарағанды облысында 2 маусымға келіп түскен мәліметке сай, сауыққандардың жалпы саны 256 адамды құрады.