
Мектеп оқушыларының демалысы кезінде мұғалімдер сабақ оқиды. Қарағанды облысында 3–5 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қысқы мектеп өтуде. Курстарды білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Мұғалімдер кәсіби құзыреттіліктерін арттыра алады. Курстар бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының логикалық, шығармашылық, сыни ойлауын дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, 5 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімдері "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады. Зияткерлік сайыс жыл сайын мұғалімдердің кәсібилігін арттыру, жеке дамуы және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.