
Облыста ауа райы жағдайына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдардың бір учаскесі – Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс айналма жолы жабық күйінде қалып отыр. 
Бір апта ішінде жолдар Республикалық маңызы бар 13 учаскеде 42 рет және облыстық маңызы бар 8 учаскеде 22 рет жабылды. 27 автоколонна ұйымдастырылып, 4078 бірлік техника сүйемелденді.
Мереке күндері пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудан болған жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. 25 төтенше жағдай тіркелді: 21 техногендік өрт, 4 шатырдың қирауы.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша