
«24KZ» телеарнасына берген сұхбатында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы ЖІӨ және инфляция бойынша болжамды көрсеткіштер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалуы туралы айтты.
Премьер-министрдің айтуынша, отандық экономика күрделі сыртқы жағдайларға бейімделді.
«Жаһандық нарықта қалыптасқан қолайсыз факторларға қарамастан, биыл еліміздің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Егер өткен жылды 3,2% өсіммен аяқтасақ, биылғы жылдың 11 айында экономиканың өсуі 4,9%-ды құрады. Ал жылдың қорытындысы бойынша осы өсім 5%-ға жақын болады деп күтілуде», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті. Мәселен, құрылыста өсім 13%, саудада – 11%, байланыс секторында – 8%.
«Экономикалық өсудің негізгі драйвері инвестициялар болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 15 трлн теңгені құрады», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Биылғы басты сын-қатерлердің бірі инфляция болды.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойды. Ол үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел және орта мерзімді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,8% маңайында болады деп күтілуде. Бұл – инфляция екі есе төмендейді деген сөз. Келесі жылы біз инфляция деңгейін одан әрі, яғни 6-8%-ға дейін төмендету үшін жұмысты жалғастырамыз. Өзімізге осындай мақсат қойып отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Он также добавил, что стабильность экономики РК подтверждают и международные рейтинговые агентства.
«Они устанавливают рейтинг Казахстана на уровне инвестиционной надёжности. Поэтому можно сказать, что наша экономика адаптировалась к внешним факторам. Однако они по-прежнему оказывают негативное влияние на экономику. Поэтому Правительство будет следить за ситуацией в мире, чтобы быть готовым к различным сценариям и принять необходимые меры», — отметил премьер-министр.