Қарағанды облысында 24 адам COVID-19 дертін жұқтырды

Қарағанды облысында 24 адам COVID-19 дертін жұқтырды

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 24 оқиғасы тіркелді.

24 адамда ПТР-зерттеу COVID-19 барын растады. Олар осыған дейін КВИ жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандан арасынан және скрининг барысында анықталды. Олардың 12-і қарағандылықтар және 12 адам Теміртау тұрғындары.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.

Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

1 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 956 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 255 адам сауығып кеткен.