Қарағанды облысының тағы 12 тұрғыны КВИ дертінен сауығып кетті

Қарағанды облысының тағы 12 тұрғыны КВИ дертінен сауығып кетті

Қарағанды облысында 1 маусымда коронавирусқа шалдыққан 12 науқас ауруханадан шығарылды.

Оның ішінде бес қарағандылықтар - 1983, 1988 ж. т. ерлер, 1983, 1990 ж. т. әйелдер және 2019 ж. т. бала, сондай-ақ Теміртау қаласының жеті тұрғыны-1971, 1973, 1998 ж. т. әйелдер және 1962, 1977, 1981, 1994 ж. т. ерлер

Дәрігерлер осыған дейін оларға орташа ауырлықтағы КВИ диагнозын қойған болатын.

Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін емделушілер үй карантинін сақтай отырып, ауруханадан шығарылған.

Қарағанды облысында 1 маусымға келіп түскен мәліметтерге сай, сауықтырылғандардың жалпы саны - 255 адам.