
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев биыл Приозерск тұрғындарымен екі рет кездесті. 31 мәселе бақылауға алынды, оның 19-ы шешілді.

Облыстық бюджет есебінен Ағыбай-батыр қиылысында, "Барыс" базарының алдында ұзындығы 8 км-ден асатын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді, асфальт төселді.

Өткен жылы орталық аурухана үшін облыстық бюджет есебінен қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. Биыл БМСК аясында 10 медицина қызметкері оқудан өтті.

Әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған отбасыларға кезекті жылжыту динамикасы түсіндірілді.
Сондай-ақ үйлердің бірінде кіреберісте пандус орнатылды. Осындай өтінішпен тұрғындардың бірі жүгінген болатын.

Қалалық мешіттің құрылысы аяқталды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Приозерск кәсіпкерлерімен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, өнеркәсіп және индустриялық даму басқармалары, "Даму" Қоры өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

Қалған мәселелерді шешу бойынша жұмыс жалғасуда.