Қарағандыда жаңа жыл және мереке күндері № 3 автопарк автобустары қалай жүреді

Қарағандыда жаңа жыл және мереке күндері № 3 автопарк автобустары қалай жүреді

№ 3 Қарағанды автопаркі жаңа жыл және мереке күндері қоғамдық көліктің қалай жұмыс істейтінін хабарлады.

Биылғы жылдың соңғы күні, 31 желтоқсан, жексенбіге келеді. Бұл демалыс күн. Сондықтан автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша – 20:00-ге дейін жүреді.

Бірақ 1 қаңтарда қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 10-да басталады. Желідегі қалаішілік және қала маңындағы автобустардың саны демалыс күнімен салыстырғанда 50%-ға қысқарады.

Екінші қаңтарда қоғамдық көлік қала бойынша таңғы 6-дан бастап жүре бастайды. Желідегі автобустардың саны да демалыс күнінің кестесіне қатысты 50%-ға азаяды.

3 қаңтардан бастап № 3 автопарк қызмет көрсететін маршруттар бойынша автобустар әдеттегідей жүреді.

@avtobusnyipark3