Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері кәсіби жетістіктерімен бөлісті

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері кәсіби жетістіктерімен бөлісті

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінде Samgau екінші форумында тәжірибе алмасу және кәсіби жетістіктерімен бөлісу үшін әр жылдың 40 түлегі жиналды.

– NIS Alumni түлектер қауымдастығымен көптеген жобалар іске асырылды. Олар түлектердің дамуы мен мансаптық өсуіне ғана емес, қоғам үшін қайырымдылық бастамаларына да бағытталған. Биылғы жылы, мысалы, NIS түлектерінің ауызбірлігі арқасында ауыл мектебінің бір оқушысы үшін грантқа қаражат жиналды, – деді 2022 жылғы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі және Alumni NIS елшісі Ақмарал Дайрабай.

Форумның панельдік талқылауы "Жасанды интеллект және білім берудің болашағы: AI vs. AI (Academic Integrity vs. Artificial Intelligence)" тақырыбына арналды. Оған тарих және экономика мұғалімдері, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты. 

Жасанды интеллект түлектер мен оқушылардың академиялық адалдығына қалай әсер ететінін талқылап, оның пайдасы мен зияны туралы әңгімелесті.

Секциялық отырыстарда түлектер жоғары оқу орындарына түсу тәжірибесімен бөлісіп, өздерінің мансаптық жетістіктері туралы әңгімеледі.

– Өткен жылы мен форумға көрермен ретінде қатыстым. Сол жылы маған спикер ретінде әрекет ету және педиатр-дәрігердің кәсіби қалыптасу тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігі туды. Менің кеңестерім пайдалы болды деп үміттенемін. Форумның барлық қатысушыларына оқу және кәсіби іс-әрекеттерінде табыс тілеймін, – дейді 2015 жылғы түлек Дариға Жетпісбаева.

Қазіргі уақытта Қарағанды NIS-ті 1023 адам бітірді, олардың көпшілігі Қазақстан, АҚШ, Гонконг, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия, Германия және басқа елдердің ірі университеттерінің студенттері.