Теміртаудағы оң жағалаудағы үйлерге орталықтандырылған су құбырлары тартылды

Теміртаудағы оң жағалаудағы үйлерге орталықтандырылған су құбырлары тартылды

Теміртауда су құбыры желілерін қайта құру жобасы жүзеге асырылуда. Орталық су құбырына 1800 жаңа тұтынушыны қосу жоспарлануда. Жоба екі жылға есептелген.

30 жылдан астам уақыт бойы ұңғымалардан суды пайдалануға мәжбүр болған оң жағалаудағы тұрғындардың үйлеріне жаңа су желілері тартылды. Сондай-ақ, орталық сумен жабдықтауға Ескі қала мен Әлеуметтік қала тұтынушылары қосыла алады.

– Жаңа су құбыры желілерінің ұзындығы - 46 шақырым. Жоба 1800 жаңа абонентті орталық сумен жабдықтауға қосуды көздейді. Оң жағалауда құбыр тарту жұмыстары аяқталды, – дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков. – Онда барлығы 500-ге жуық үйді қосуды жоспарлап отырмыз. Техникалық шарттарды алу үшін абоненттерге "АКВА-Трейдинг" ЖШС компаниясына хабарласу қажет.

Ескі қала мен Әлеуметтік қала тұтынушыларын қосу келесі жылы басталады. Қайта құру жаңа абоненттерді қосып қана қоймай, қаладағы сумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша ескі, тозған құбырларды жаңаларына ауыстыру қарастырылған.

– Құбырлар қазақстандық өнім, жұмыстарды қаланың қоғам қайраткерлері де, техникалық бақылау да қадағалайды. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр, – деп атап өтті Ринат Қыдырбеков.