Облыс әкімімен кездесу қорытындысы. Нұра ауданында не өзгерді

Облыс әкімімен кездесу қорытындысы. Нұра ауданында не өзгерді

Нұра ауданының тұрғындары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде жолдарды жөндеуді, шалғай ауылдарға интернет пен су құбырын жүргізуді, наубайхана ашуға көмектесуді және аудан орталығында модульдік автостанция орнатуды сұрады. Барлығы 35 проблемалық мәселе айтылды, олардың басым бөлігі шешілді.

Мәселен, Тікенекті, Талдысай, Баршын, Жанбөбек, Құланұтпес ауылдарына интернет қосылған.

Интернет жылдамдығы 30 Мбит/с құрайды.

Құланөтпес және Нығман ауылдарының тұрғындарының өтініштері бойынша көктемде жолдың шайылып кетуіне жол бермеу үшін Құланөтпес – Нығман аудандық маңызы бар автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақтүбек ауылында суды тазартуға арналған кешенді блок-модуль орнатылған.

Талдысай ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілуде. Энергетика және ТКШ басқармасына бюджеттік қаржыландыруға өтінім 2024 жылы берілетін болады.

Егінді ауылының тұрғыны Мейіркүл Асанходжаева тәулігіне 300 бөлке нан пісіретін наубайхана ашты. Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бизнес-жобасы 35 жасқа дейінгі жастарға несие беру бағдарламасы бойынша қолдау тапты. 

Ол Аграрлық-кредиттік корпорация арқылы 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 3,3 млн теңге алды.

Нұра кентінде тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша маршруттық автобус жүре бастады.

Сондай-ақ, аудан орталығында экопавильон пайда болды. Нысан кестеге сәйкес Нұра кентінен Астанаға, Қарағандыға және ауданның елді мекендеріне тұрақты автобус рейстерінің жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған.

Жалпы, Нұра ауданында Ермағанбет Бөлекпаев халықпен екі кездесу өткізді. Қалған мәселелерді шешу бойынша жұмыс жалғасуда.