
1 маусымда ерекше білім беруді қажет ететін балалар Нүркен Әбдіров ескерткішінің алдындағы алаң мен Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағына гүл отырғызды.
Акцияға Қарағанды қаласы білім бөлімінің өкілдері, AZAMAT ҚБ, еріктілер, ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олардың ата-аналары қатысты.
- 1 ақпан мен 15 мамыр аралығында Біз Жеңістің 75 жылдығына арналған "Жеңіс гүлдері" ең үздік гүлзар дизайнына қалалық байқау өткіздік. Бізге барлығы 22 өтінім келіп түсті. Байқау жеңімпаздары Балаларды қорғау күніне орай Нүркен Әбдіров ескерткішінің жанында және Орталық мәдениет және демалыс саябағында гүлдер отырғызды. Біз қаламыздағы ерекше балаларың да Қарағандыға деген махаббатын білдіргіміз келеді. Жаз бойы балалар отырғызған гүлдерін өздері күтетін болады. Болашақта біз осындай акцияларды жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді AZAMAT ҚБ төрағасы Дәурен Рахымбек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қарағанды қаласының білім бөлімі мен AZAMAT ҚБ байқауға мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру және әлеуметтендіру үшін ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты.
Іс-шараға 22 білім беру ұйымы-19 мектеп пен 3 балабақша қатысты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жұмыстары презентациялар, фото - және бейнематериал түрінде ұсынылды.
Жалпы және орта білім беру ұйымдары байқауының жеңімпаздары:
1 - ші орынды "№42 НМ" КММ; 2-ші орынды "№25 ЖББОМ" КММ және "№18 ЖББОМ" КММ өзара бөлісті; 3-ші орынды "№48 ЖББОМ" КММ, "№54 ЖББОМ" КММ және Ғ. Мұстафин атындағы "№83 ЖББОМ" КММ иеленді.
"Мектепке дейінгі ұйымдар" санатындағы жүлдегерлер:
І дәрежелі дипломды "Алмагүл" б/б, ІІ дәрежелі дипломды - "Алпамыс" б/б және ІІІ дәрежелі дипломды "Алтын бесік" б/б алды.