Қарағандыда Сoworking Police Center және криминалистикалық полигон ашылды

Қарағандыда Сoworking Police Center және криминалистикалық полигон ашылды

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында коворкинг-полиция орталығы мен криминалистикалық полигон ашылды. Алаңдар ІІМ органдарында қызмет ету үшін үздік студенттерді іріктеу орталығы және криминалистикада практикалық дағдыларды пысықтау үшін база болады.

Сондай-ақ, бұл полицейлер үшін ашық кеңістік болады, мұнда олар өздерінің кәсіби және жеке қасиеттерін жақсарта алады. Орталықтың кітапханасында заң саласының түрлі әдебиеттері ұсынылған. Жаңа орталықтардың жұмысымен ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов танысты.

– Сoworking Police Center-Қазақстандағы алғашқы Орталық. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов өткен жылдан бастап өңірдің жоғары оқу орындарының ректораттарымен, оқытушыларымен және студенттерімен тығыз қарым-қатынаста болды. Нәтижесінде биыл 16 түлек ішкі істер органдарына жұмысқа келді. Коворкинг-орталық жұмысының басталуымен полиция қызметкері болғысы келетіндер көп болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Сәкен Сәрсенов.

Сондай-ақ министрдің орынбасарына төрт тақырыптық аймақтан тұратын криминалистикалық полигон таныстырылды. Мұнда атыс қаруының оқтары мен гильза үлгілері бар стенд ұсынылған, екінші аймақ көшедегі жағдайды имитациялайды: орындықта артқы жағына сүйеніп, атыс жарақатының "белгілері" бар манекен, жақын жерде тапанша, ал "жерде" аяқ киімнің іздері бар. Студенттер қонақтарға оқиға орнын мұқият тексеру, заттай дәлелдемелерді алу, хаттаманы ресімдеу бойынша өз дағдыларын көрсетті.

Үшінші және төртінші аймақтарда тұрмыстық жағдайда жасалған аса ауыр қылмыстардың сипаты қайта жасалды.

Студенттерді оқытудың тиімдірек болуы үшін облыс ПД бастығы Санжар Әділов ҚР ІІМ басшылығының атынан университетке криминалистің чемоданын тапсырды.

Сондай-ақ, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен облыс ПД арасында кадрларды сапалы даярлау үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша