
Қарағанды жаңа жылға қарсы безендірілді. Қала көшелерінде мерекелік әшекейлермен көмкерілген жеті жасанды шырша орнатылды. Саябақтарда мұз айдындары құйылып, қар төбешіктері салынып, мерекелік фотоаймақтар дайындалды.
Тәуелсіздік алаңында қарағандылықтарды биіктігі 20 метр жасыл шырша қуантады. Мерекенің нышаны К. С. Станиславский атындағы театрдың жанында, Кеншілер мәдениет сарайының, "Молодежный" мәдениет үйінің, Теміржолшылар МҮ, Жаңа Майқұдық МҮ және флагштоктың алдында орнатылды.

Жаңа жылға арналған іс-шаралар
25 желтоқсан
Тәуелсіздік Алаңы, 19:00
Негізгі шыршаны жағу рәсімі.
Орталық саябақ, 20:00
Шыршаны жағу және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік музыканттарының концерттік бағдарламасы.
Орталық саябақ, Майқұдық саябағы, Жеңіс саябағы
Күн сайын мұз айдыны мен төбешіктер жұмыс істей бастайды.

Желтоқсанның 25-нен 30-на дейінгі аралықта Coca-Cola фирмалық жүк көлігі қала көшелерінде серуендейді. Керуенді 18:00-ден 21:00-ге дейін көруге болады.
Ресми басталуы – 25 желтоқсан күні сағат 18:00-де Бұқар жырау және Н. Әбдіров даңғылдарының қиылысында. Тәуелсіздік стеласында аялдама жоспарланған. Бұдан әрі бағыт Н. Назарбаев, Абай, Терешкова, 7-ші магистраль, Карл Маркс, Магнитогорск, 134-ші есептік квартал, Тәттімбет, Шахтерлер, Республика, Гоголь, Складская көшелерімен жалғасады.
Қарағандылықтар Coca-Cola жүлделерінің ұтыс ойынына қатыса алады. Ол үшін ұялы телефонға жаңа жылдық керуенді суретке түсіріп алып, @cocacola_kaz белгісімен Instagram сторизіне фотосурет қою керек.
Толығырақ coca-cola.com сайтында.
1 қаңтар
"Молодежный" МҮ алаңы, 00:30
"Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекелік бағдарламасы.
Орталық саябақ, Майқұдық саябағы, Теміржолшылар МҮ алдындағы алаң, 01:00
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама, мерекелік отшашу.