
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесуі тұрғындар көтерген 43 мәселенің 22-сін шешуге көмектесті. Қалғандарына көмектесу үшін уақыт қажет, олар орындалу сатысында.

Атап айтқанда, Қарасу ауылына дейін көпір салу мәселесі оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта су өткізгіш құбырлар орнатылған.
Нарманбет – Айыртас автомобиль жолына жөндеу жұмыстары аяқталды.


Сарышаған – Приозерск қатынасымен жаңа автобус бағыты іске қосылды.
Ауылдық медициналық мекемелерде кадрлар тапшылығы мәселесі шешілуде. Орталық аудандық ауруханаға хирург және екі терапевт жұмысқа орналастырылды.
Шашубай кентінің емханасында жалпы практика дәрігері жұмысқа кірісті. Келесі жылы акушер, инфекционист және екі жалпы тәжірибелік дәрігерді тарту жоспарлануда.

Шашубай кентінде тұрғын үй алу кезегін төмендету үшін Ж. Ақбергенұлы, 9 көшесіндегі 100 пәтерлі үйді қайта жаңарту аяқталуда. Келер жылы Ж. Ақбергенұлы, 5 және 7 көшелеріндегі тағы екі 70 пәтерлі көпқабатты үйді қайта жаңарту басталады.

Биыл Ақтоғай ауданында Ермағанбет Бөлекпаев халықпен екі кездесу өткізді.
