Ғажайыптар мен тосынсыйлар: Қарағанды облысынан 200 бала Президенттік шыршада көңіл көтерді

Ғажайыптар мен тосынсыйлар: Қарағанды облысынан 200 бала Президенттік шыршада көңіл көтерді

Қарағанды облысында 200 бала үшін дәстүрлі президенттік шыршаның шамдары жағылды.

Мерекеге Мемлекет басшысының атынан балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар шақырылды. 

Оқуда, шығармашылықта және спортта ерекше көзге түскен оқушылар да мерекенің қонақтары болды.

Балалар "Қош келдің, жаңа жыл!" атты ертегі әлеміне саяхаттады. 2024 жылдың символы – айдаһар қонаққа келді. 

Балалар Алдар Көсе және Бауырсақпен бірге көңіл көтерді. 

Би биледі және ән салды. Аяз Атамен бірге олар жаңа жылдық сұлудың шамдарын жақты.

ҚР Президентінің атынан балаларды келе жатқан мерекемен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

– Мен сіздермен жаңа жыл алдында кездескеніме қуаныштымын! Барлығы бұл мерекені жақсы көреді және жаңа жылдық ғажайыптарды күтеді. Барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Бақытты балалық шақ, мықты денсаулық, оқуда сәттілік, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! – деді аймақ басшысы.

Әр бала сыйлық ретінде смартфон, тәттілер мен Президенттің жеке құттықтау ашық хаттарың алды.

Балалар риза болып, ұйымдастырушыларға ғажайыптар мен тосынсыйлар үшін алғыс айтты.

– Мен ертегілерді, көңілді, билерді жақсы көремін. Осындай мерекеге баруды армандадым. Таңертең оянып, біз осы шыршаға жинала бастағаннан, мен ғажайыптарды асыға күттім. Баршаңызға жақсы достар, қуаныш тілеймін, – дейді балалар үйінің 12 жасар тәрбиеленушісі Владимир Белов.

Қаракөз Жолдыбай мерекеге Теміртаудан келді. Ол "Озат" мамандандырылған мектеп-лицейінің алтыншы сыныбында оқиды.

– Президенттік шыршаға шақыру алған кезде қатты қуандым. Анаммен бірге дайындалдым, киім таңдадық. Барлығы ұнады: Мен бұрын-соңды мұндай қойылымды көрмедім. Биыл қазақ тілінен түрлі олимпиадаларға қатыстым. Жетістіктер жақсы, алда да бәрі жақсы болады деп үміттенемін, – деп бөлісті оқу үздігі.

Балаларға арналған шоу-бағдарламадан кейін мерекелік дастархан жайылды.