
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа орталықта Теміртау жастарымен кездесті. Кездесу ашық диалог форматында өтті, бозбалалар мен бойжеткендер өңір басшысына сұрақтар қоя алды.

Бүгін әкімнің белсенді жастармен кездесуі барысында еркін әңгіме, өткір сұрақтар мен ашық жауаптар айтылды.

Жасьарды аймақ басшысының хоббиі, балалық шақтағы сүйікті істері және болашаққа деген көзқарасы қызықтырды.

Ермағанбет Бөлекпаев мектеп жылдарындағы жиналған естеліктерімен бөлісіп, жастарға ағалық сөздерін айтты. Ол жастарға креативті болуды, сүйікті ісімен айналысуды және өз өздерін жетілдіруге уақыт аямауды тіледі.
– Мен Жаңа жыл қарсаңында кездескенімізге өте қуаныштымын. Президенттің жастардың шығармашылық дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмалары бар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Біздің өңірде болашағы зор жастар бар. Бір мысал – сіздер, Теміртау жастары. Енді бұл қалада сіздерді біріктіретін және шығармашылық орта құратын Жастар орталығы пайда болды.

Жаңа Жастар орталығының орналасқан жері өте ыңғайлы: ол Чайковский көшесінде, бірнеше оқу орындарымен қоршалған – студенттік қаланың қақ ортасында. Бұрын колледж болған, бірақ көптеген жылдар бойы ғимарат бос болды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен ғимарат толығымен қайта жаңартылды.

Қазір бұл жастар шығармашылығы үшін заманауи, жайлы және кең аумақ.

Мұнда бос уақытты, тренингтерді, семинарларды тиімді өткізуге, сондай-ақ музыка, би, өнермен айналысуға болады.

Кәдімгі кабинеттердің орнына ғимаратта коворкингтер жабдықталған, музыкалық студия, үлкен көпфункционалды акт және спорттық-би залы бар.

Барлығы тегін.

– 10 жылдан астам уақыт бойы біз Теміртауда осындай жастар орталығы пайда болғанын қаладық. Мұнда кабинеттер жоқ, коворкингтер жабдықталған. Жас отбасылар да мұнда қызықты демалыс үшін келе алады, ерекше балалары бар отбасылар үшін коворкинг бар, – дейді Жастар орталығының кураторы Валентина Павлик. – Жас аналар мұнда келіп, баланы бірнеше сағатқа қалдырып, осы уақытты оқуға, өзіне арнай алады. Бишілерге, музыканттарға, әуесқой топтарға арналған коворкингтер бар.

Лифт бар, бұл қозғалу мүмкіндігі шектеулі топтарға ынғайлы.

Мұнда 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар келе алады. Алайда егер бізге мектеп оқушылары келсе, біз оларды да қабылдаймыз.

"Бүгін біздің жастар үйінде алғашқы іс-шара – "Теміртау моноқала" форумы өтуде. Біз әзірге тест режимінде ашылдық, екі айдың ішінде мониторинг жүргізіп, осында айналысқысы келетіндердің санын анықтаймыз, график, тұжырымдама жасаймыз", – деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.

Кездесу соңында өңір басшысы жаңа Жастар орталығына ашық аспан астындағы кинотеатрды жабдықтауға сертификат табыс етті.


