
Жиырма үш жастағы Заңғар Марат қазақ күресі бойынша "Дала қырандары" республикалық турнирінде жеңіске жетіп, жоғары атаққа ие болды.
Республикалық турнир 17 желтоқсанда Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтті. Биылғы жылы турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 спортшы өз күштерін сынады.

Заңғар 82 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ол үш жекпе-жек өткізіп, Алматы, Абай және Қарағанды облыстарынан қарсыластарын жеңді.
– Мен 10 жасымнан бастап спортпен шұғылданамын, әкем Қанат Мұхтаров пен ағам Алмас Мұхтаров жаттықтырды. Мен дзюдо және қазақ күресімен айналысамын. 2017 жылы дзюдодан ұлдар арасында ел чемпионы атандым, әлем чемпионатына қатыстым. Қазір балаларды "Еңбек" спорт кешенінде жаттықтырамын және спортпен шұғылдануды жалғастырамын, – дейді Заңғар. – "Дала қырандары" жарысы оңай болған жоқ. Менің барлық қарсыластарым – спорт шеберлері, өте жақсы дайындалған балуандар.
Турнирдегі бірінші орын үшін "Дала қыраны" атағынан басқа, балуан 4,5 млн теңгеге сертификатпен марапатталды. Бұл спортшы үшін үлкен ынталандыру, дейді Зангар. Қазір балуан Сочиде өтетін дзюдодан оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда.

"Дала қырандары" турнирі Қазақстанда 2021 жылдан бері өткізіліп келеді, оған еліміздегі үздік сегіздікке кіретін балуандар қатысады.