Қарағандыда коньки тебуге және сырғанауға болатын жерлер

Қарағандыда коньки тебуге және сырғанауға болатын жерлер

Қарағандыда 25 желтоқсаннан бастап ашық мұз айдындары мен төбешіктерден сырғанауға болады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қысқы демалыс үшін сегіз орын жабдықталған. Бұл Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, Достық үйінің жанындағы аумақ, Майқұдық саябағы, "Молодежный", Теміржолшылар МҮ ауданы, Ғасыр және Байжанов гүлзарларында.