Шахтинск қаласының кіл мықтылары стритлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Шахтинск қаласының кіл мықтылары стритлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Шахтинск спортшылары Руслан Фатахов пен Дмитрий Именченков Мәскеуде өткен WSF 2023 әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды. Палуандардың қоржынында бес алтын медаль бар.

Руслан Фатахов төрт жоғары наградамен Отанына оралды. 

Стритлифтер төрт номинация мен екі жас санатында өнер көрсетті (жасөспірімдер және ашық). Бүгінгі таңда ол жеті дүркін әлем чемпионы.

– Мен старт алдында қарқынды жаттықтым. Төрт қайталаудағы 50 кг салмақпен штангаларды итерудегі бұрынғы нәтижемді жақсарттым. Барлығы 35 рет тартылдым. Қосымша салмақ 35 килограммен 22 рет тартылдым. Алдыңғы рекорд – 19 тартылдым. Нәтижесінде төрт медаль жеңіп алып, екі әлемдік рекорд орнаттым. Сондай-ақ салмақ пен жас санатына қарамастан федерацияның абсолютті рекордтарын орнаттым және жеті дүркін стритлифтинг бойынша әлем чемпионы атандым, – дейді Руслан Фатахов.

Спортшы 82,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және "жасөспірімдер" жас санатында өнер көрсетті. Сондай-ақ, палуан екі түрлі стритлифтинг федерацияларында екі дүркін әлем чемпионы атанды, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін растады және асыра орындады.