
Қарағанды облысының Мемлекеттік сатып алулар басқармасында жаңа басшы тағайындалды. Бұл міндетті осыған дейін Қарағанды облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары лауазымында болған Нұрлан Әлімжанов атқаратын болады.
Нұрлан Талғатұлы Әлімжанов - Қарағанды облысының тумасы. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қазақстан-Ресей университетін «қаржы», «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
«Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ-де Халықпен жұмыс бойынша штаттан тыс нұсқаушы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі болды.
Бүгін, 1 маусымда облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста өңір басшысы Жеңіс Қасымбек «Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ жаңа басшысы Нұрлан Әлімжановты таныстырды.