
Қарағанды қалалық урбанистика орталығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін Qystau 2.0 мерекелік жәрмеңкесін дайындады. Алдағы Жаңа жылға арналған іс-шарада қолдан жасалған түрлі сыйлықтар мен үй әшекейлерін сатып алуға болады.
"Сіздерді жайлы дүңгіршектер, дәмді тағамдар мен ыстық сусындар, жанды музыка мен әртістердің қойылымдары, ертегі атмосферасы және т.б. күтеді. Біз үшін әрбір қонақ маңызды. Біз жаңа жылдың сиқырлы атмосферасына бірге енетінімізге сенімдіміз! Жылы үлпілдек шарфтар мен көңілді бас киімдерді киюді ұмытпаңыздар", – деп ұйымдастырушылар қарағандылықтардан сұрайды.
Алалыкин көшесіндегі жәрмеңке екі күн бойы өтеді: 22 желтоқсан 18:00-ден 22:00-ге дейін, 23 желтоқсан 12:00-ден 22:00-ге дейін.