Қарағанды облысында медициналық сақтандыру есебінен эпилепсиямен ауыратын он балаға қымбат ота жасалды

Қарағанды облысында медициналық сақтандыру есебінен эпилепсиямен ауыратын он балаға қымбат ота жасалды

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында осы жылы фармакорезистентті эпилепсиямен ауыратын балаларға 10 қымбат ота жасалды. Оларға кезбе жүйкесіне стимуляторлар орнатылды.

Кезбе жүйкесіне стимулятор қою ең күрделі операциялардың бірі және облыстық балалар клиникалық ауруханасында 2020 жылдан бастап жасалады. Стимулятор 5 жылға орнатылады, содан кейін батареяны ауыстырады. Арнайы электрод сол жақтағы кеуде қуысының алдыңғы бетіне бекітіледі, содан кейін құрылғы ағзаға енгізіледі. Операция екі кішкене тілік арқылы жасалады.

– Кезбе жүйкесінің өзі бір тіліктен шығарылады, оған арнайы электрод бекітіледі, содан ол алдыңғы кеуде қабырғасында басқа тілікке өтеді. Содан кейін аппараттың өзі тері астына енгізіліп, операция кезінде стимулятордың жұмысы тексеріледі. Егер бәрі жақсы орнатылған болса және ол дұрыс жұмыс істесе, 2 аптадан кейін біз оның әсерін бастау үшін стимуляторды қосамыз, – дейді нейрохирург дәрігер Руслан Хаутиев. – Біздің ауруханада мұндай операциялар 2020 жылы басталды, 2021 жылы тек төрт науқас, 2022 жылы алты бала, биыл он бала болды. Бір емделген жағдайдың құны 9,5 млн теңгеден асады, оны бізге әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді.

Стимулятор орнатылған алғашқы пациенттердің бірі 14 жастағы қарағандылық болды. Екі жастан бастап қыз бала эпилепсиялық ұстамалардан зардап шеккен, олардың саны кейде тәулігіне 90-ға дейін жеткен. Жас науқасқа операция 2021 жылы жасалды.

– Қызыма аппарат қойғаннан бері екі жылдан астам уақыт өтті. Ол өзін жақсы сезінеді. Операциядан кейін 8 айдан кейін баланың белсенділігі артқаның, есте сақтауы және сабағы жақсарғаның байқадық. Құрылғы оны мүлдем мазаламайды. Стимулятор қойғанымызға еш өкінген емеспіз, – дейді жас науқастың анасы.

Айта кету керек, балалардағы фармакорезистентті эпилепсия – бұл қайталанатын, салыстырмалы түрде стереотиптік ұстамалармен сипатталатын жүйке жүйесінің кең таралған ауруларының бірі.

Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша