Ермағанбет Бөлекпаев энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Ермағанбет Бөлекпаев энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қарағанды облыстық әкімдігінде еліміздің энергетика саласының қызметкерлерін құттықтау шарасы өтті. Өңір басшысы қарағандылықтардың үйлерін жылу және жарықпен қамтамасыз етіп жүрген 25 маманға құрмет грамоталарын табыс етті.

Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ энергетиктердің елдің тұрақты экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

– Экономиканың түрлі секторлары қарқынды өсіп, жаңа тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар іске қосылуда.  Осыған байланысты энергетика саласының  алдында жылу және электр қуатына деген қажеттілікті қамтамасыз ету маңызды міндеті тұр. Жылдың ең суық күзгі-қысқы кезеңінде біз осы мамандықтың маңыздылығын ерекше сезінеміз және энергетиктердің еңбегін ризашылықпен атап өтеміз, – деді облыс әкімі.

Қарағанды ЖЭО-3 басқармасы бас қалқанының электромонтері Ольга Кострица бұл салада 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

– Мен ЖЭО-ға 1981 жылы келдім. Менің әкем электр цехының ауысым бастығы болып жұмыс істеді. Мен оның ізімен жүрдім деп айтуға болады. Біз ұмытпай елеп-ескеріп жатқанына рақмет, мерекемен құттықтаймын. Энергетика күнін біз жыл сайын атап өтеміз. Біздің бүкіл өміріміз энергияға байланысты. Әріптестеріме апатсыз жұмыс пен зор денсаулық тілегім келеді, – дейді Ольга Кострица.

"Оқжетпес-Т" ЖШҚ қызметкері Амандық Дәрменшеев коммуналдық қызметтердің жұмысы оңай емес, бірақ адамдарға өте қажет екенін атап өтті.

– "Оқжетпесте" 17 жыл еңбек етемін. Қазір кәріз тазарту цехында шебермін, – дейді Амандық Дәрменшеев. – Жұмыста қиындықтар жеткілікті. Кәріз құдықтарына түсуге тура келеді. Энергетиктерді мерекемен құттықтағым келеді. Осындай іс-шаралардың көбірек болуын, біздің жұмысымыз тиісті бағасын алуын тілеймін.

Қазақстанда энергетика күні желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі.