Бұқар жырау ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылды

Бұқар жырау ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылды

Бұқар Жырау ауданының Қызылжар және Қызылқайың ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. 

Олар 1300-ден астам адамға қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Қызылжар ауылындағы ФАП ауданы 43,2 шаршы метр болатын 60-шы жылдардағы бейімделген үй-жайда орналасқан. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет ететін әрі орталық сумен жабдықталмаған еді.

– Қызылжар ауылының ФАП 625 адамға қызмет көрсетеді. Тұрғындар үшін бұл көптен күткен оқиға, өйткені енді олар медициналық көмекті жаңа, кең, ыңғайлы және жылы ғимаратта алады, – дейді Бұқар Жырау ауданының орталық ауруханасының директоры Арман Байсұлтан.

Қызылқайың ауылының ФАП-ы да 70-ші жылдары салынған жалға берілген үй-жайда болған. Фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан ғимараттың бір бөлігі халыққа медициналық қызмет көрсету үшін пайдаланылса, екінші жартысы бос тұрған және тозған. Сумен жабдықтау да болған жоқ. Соған қарамастан ФАП 727 адамға қызмет көрсететін.

– Жаңа ФАП құрылысы 2022 жылдың үшінші онкүндігінде "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында басталды, – деп атап өтті Арман Байсұлтан. – Жаңа ғимараттарда ересектер мен балаларды қабылдау бөлмелері, акушерлік, дәрігерге дейінгі, процедуралық, егу кабинеттері және үш қосалқы кабинет бар. ФАП орта медициналық қызметкерлермен жұмыс істейді, акушерлерге бос орын бар. Мобильді топтардың жұмысына жағдай жасалды, барлық қажетті медициналық жабдықтар мен жиһаздар бар.

Сондай-ақ, ауданда Ақтөбе, Қарақұдық және Новоузенка ауылдарында үш фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жалғасуда. 

Келесі жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасы бойынша ауылдарда тағы 15 ФАП құрылысы басталмақ.