
Астанада "Ең сауатты жарнама – тіл абыройы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынды Қарағанды облысының атынан қатысқан Эльмира Орынбаева иеленді.
Байқауды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырды. Ол мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз етуге, тіл мәдениетін жетілдіруге, мемлекеттік тілде көрнекі ақпаратты сауатты ресімдеуге, сондай-ақ осы мәселелерге белсенді қатысатын қазақстандықтарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Бірінші тур облыстық деңгейде өтті. Екіншісі кезеңге еліміздің әр өңірінен 14 қатысушы өтті, сегіз үміткер үздік деп танылды. Бірінші орынды "Кеншілер мәдениет сарайы" ҚМКК басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, ақын, тіл жанашыры қарағандылық Эльмира Орынбаева жеңіп алды.

– Құжаттарды жинауға маған тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, оның ішінде ресурстық Тіл орталығының мамандары көмектесті. Менің портфолиом ең үлкен болды, оны басқаларға үлгі ретінде ұсынды. Менің жұмысымның нәтижесі 56 беттен тұрады. Біздің өңірді республика деңгейінде таныстыру мен үшін үлкен мәртебе болды. Конкурсты ұйымдастырушылар атап өткендей Қарағанды облысы, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс істеп жатқандар арасында үздіктердің бірі. Ал іс жүзінде біз үлкен жұмыс істеп жатырмыз, нәтижелер де бар. Мен тұтынушылар мен кәсіпкерлерге дұрыс ақпаратты жеткізу үшін жарнамаға қатысты көптеген жобаларға қатысамын. Жастарды да осындай жобаларға қатысуға шақырғым келеді, – дейді Эльмира Орынбаева.

Екінші орынды Қайыр Біржан (Ақмола облысы) және Лидия Финько (Жамбыл облысы), үшінші орынды Ардақ Нұрғазина (Алматы), Салтанат Байжанова (Қызылорда облысы) және Жадыра Төлеева (Шымкент) иеленді.