Теміртау мұражайы тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жәдігер жайлы баяндайды

Теміртау мұражайы тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жәдігер жайлы баяндайды

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жәдігер» көрмесінің ашылуы онлайн режимде өтеді. Көрме дәстүрлі «Ай көрмесі» жобасы аясында ұйымдастырылуда.

1991 жыл Қазақстан үшін елеулі жетістіктер жылы болды. Еліміз егеменді ел болудың қиын жолына түсті. Алайда Теміртау мұражайы жаңа дәуірге бет бұрды.

 «1988 жылы мұражайды қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді. Қолданыстағы барлық көрмелер қайта жасақталды. «Алма-Ата мемлекеттік реставрациясының» бір топ суретшілері өз қолдарымен табиғат залын, палеонтология залын жасап, археология залында жұмыс істеуге көшті. Бірақ оларға жобаны аяқтау жазылмаған», – дейді мұражайда.

Инфляция және одан кейінгі 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс қайта құрудың барлық жоспарларын жойды. Қаржыландыру тоқтатылды. Мұражайда бөлшектелген көрмелер мен аяқталмаған зал қалды.

Бірақ қызметкерлер қала тарихын мұқият сақтауды жалғастырды. 1992 жылы ақпанда мұражай қызметкері фотограф Владимир Кривенко 1991 жылы қалалық перзентхананың мерейтойына орай түсірген фотосуреттерін қорға сыйға тартты.

Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі алғашқы мұражай экспонаттары – дәл сол жаңа өмір турасындағы фотолар болғаны өте маңызды.

Көрменің ашылуы 14 желтоқсан күні сағат 13:00-де музейдің Instagram желісіндегі @temirtau.muzey парақшасында тікелей эфирде өтеді.